$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматы облысында 13 жасар бала басқарусыз қалған автобустың жолаушыларын құтқарып қалды

23.11.2023ж. 20:00
2356
Алматы облысында 13 жасар бала басқарусыз қалған автобустың жолаушыларын құтқарып қалды

Алматы облысында 13 жасар бала автобус жолаушыларын құтқарды. Автобус жүргізушісі геморрагиялық инсульт алып, көлік құралын басқара алмай қалған. Бастапқыда бәрі қалыпты болғанымен, жүргізуші кенеттен есінен танып қалыпты. Басқарусыз қалған қоғамдық көлік жүйткіп барып газ құбырын жайпап өткен. «Жас жігіт тез арада тежегішті басып, автобусты тоқтатпағанда, тұрғын үйге соғылар еді»,- дейді куәгерлер. Қоғамдық көлікте 20-ға жуық адам болған. Бүгінгі күннің батыры атанған жасөспірім 24 лицейдің 8-ші сыныбында оқиды. Аудандық әкімдік пен білім басқармасының өкілдері 13 жастағы Ақжолдың әрекетін жоғары бағалап, батылдығы үшін арнайы сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ ержүрек баланың ата-анасын да алғыс хатпен марапаттады.
 
Ақжол ГЕРОЙ, ОҚУШЫ:
Қорқынышты болды. Бірақ автобустың ішінде қаншама адамдар шыңғырып, жылап, айқайлап жатты. Көбінесе үлкен кісілер, жас балалар болды. Тежегішті басып, ручникті тарттым. Автобус өзімен - өзі тоқтап, есіктерді аштым. Мендегі бар ойым-адамдарды құтқару, көмектесу болды.
Автобус жүргізушісіне операция жасалды. Қазір Іле аудандық орталық ауруханасының реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр. Науқастың жағдайы бірқалыпты.