$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«АМАNАТ» партиясының белсенділері тәртіп сақшыларымен бірге рейд жүргізді

AstanaTV
23.11.2023ж. 20:00
1443
«АМАNАТ» партиясының белсенділері тәртіп сақшыларымен бірге рейд жүргізді

Оралда жол апаты азаяр емес. Жыл басынан бері 349 жол-көлік оқиғасынан 84 адам мерт болған. Оның жетеуі - бүлдіршін. Ал жарақат аланғандар саны - 426. Осындай қайғылы жағдайдың алдын алу үшін «AMANAT» партиясы жанындағы "Жастар Рухы" жастар қанатының мүшелері полициямен бірлесіп, қала мектептеріндегі қауіпсіздікті күшейтуге кірісті. Жастар мектеп оқушыларына арнайы ескерту парақтары мен жарық шағылыстыратын жолақтар мен жапсырмаларды таратты. Сонымен қатар ата-аналар мен көлік жүргізушілеріне барынша сақ болуды ескертті. Бүгінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы ел аумағында өткізіліп жатыр.

Архат ИСЛАМҒАЛИ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ БҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

Облысымыз бойынша 361 мектептің аумағында мониторинг жұмыстарын жүргіздік. Сол жерде біз ашық люктер, ашық трансформаторлар немесе тағы да басқа балалар өмірі үшін қауіпті аумақтарды кездестіріп, яғни ашық люктерді жауып, ашық трансформатордың ток соғу қаупі бар жерлерді арнайы құзыретті органдарға хат жазу немесе тапсырма беру арқылы сол жерлерді балалардан оқшаулау, қауіпсіздендіру мақсатында жұмыстар жүргізілді.

Қарағандыда да құқыққорғаушылар мен аманаттық белсенділер рейдке шықты. Бірлескен акция барысында барлық түнгі клубтар мен компьютерлік ойын алаңдары қамтылды. Мұндай мекемелердегі жарқ-жұрқ еткен бейнелер мен көңілді әуендер жасөсіпірімдерді тартады, дейді партия мүшелері. Келушілердің құжаттарын тексеру бірқалыпты өтті. Кәмелетке толмағандар анықталмаған. Олардың мұндай жерлерде кешкі сағат 10-нан кейін жалғыз жүруіне болмайды. Өйткені ересектердің қарауынсыз қалса, қылмыстың құрбаны болу қаупі жоғары.

Асқар ОРАЗБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОФ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл рейдтер бізге тек жастар ғана емес, түнгі демалыс орындары мен ойын кафелерінің қожайындары да әлеуметтік жауапкершілікпен қарау керектігін көрсетті. Біз Қарағанды облысының полиция департаментімен бірлесе отырып, апта бойына аралап, рейд өткізуді жоспарлап отырмыз.