$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Абай облысында 25 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады"- Н. Ұранхаев

23.11.2023ж. 20:00
3007
"Абай облысында 25 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады"- Н. Ұранхаев

Абай облысында жыл соңына дейін 25 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ алдағы 3 жылда 148 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілмек. Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифингте аймақ басшысы осылай деді.
Абай облысында жұмыссыздық деңгейі- 4,7 пайыз. Яғни, халықтың тең жартысынан көбі жұмыспен қамтылған. Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша, IT саласына көбірек басымдық берілген. Осы салаға жастарды бейімдеп, машықтандырып жатырмыз дейді.

Нұрлан ҰРАНХАЕВ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
5 жылға арналған инвестициялық полы жасақталды. Оған 8 мың жұмыс орнын қамтитын 1,4 трлн теңгенің 44 жобасы енді. Биылға 600 жаңа жұмыс орны бар. 3 жоба іске қосылды. Құны -19,1 млрд теңге.
Облыстың құрылғанына 1 жыл болды. Осы аз уақытта әлеуметтік-экономикалық өсім көңіл қуантады. Жыл соңына дейін агроөнеркәсіптік кешен мен өңдеу өнеркәсібі саласында 150-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Нұрлан ҰРАНХАЕВ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Агроөнеркәсіптік кешен және өңдеу өнеркәсібі саласында 11,9 млрд теңгеге 4 жоба жылдың аяғына дейін іске қосылып, 150-ге жуық жұмыс орны ашылады. Ауылшаруашылық мақсатында пайдаланбаған жерде қайтару жұмысы жалғасуда. Жалпы ауданы 387,9 мың гектар жер учаскесі анықталды. Оның 157 мың гектары қазіргі таңда қайтарылды. Қалған 97 мың гектар жыл аяғына дейін алынып жылдық жоспар толық орындалады.
Өңірде білім, денсаулық сақтау, құрылыс саласы бойынша да өсім бар. Аймақтың жылдық бюджеті-- 419,2 млрд теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 51,4 пайызға артық.