$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Манчестер Юнайтедің» бұрынғы ойыншысы Қазақстан клубын сотқа бермекші

AstanaTV
24.11.2023ж. 09:36
1326
«Манчестер Юнайтедің» бұрынғы ойыншысы Қазақстан клубын сотқа бермекші

Англияның атақты «Манчестер Юнайтед» клубында доп тепкен Андрей Канчельскис биыл жазда Қостанайдың «Тобыл» клубына директор болған. Енді бүгін ол қызметінен кетті ақпарат тараған еді. Канчельскис өз еркімен отставкаға кетпегенін, сыртынан шығарып тастаса онда заңсыз деп отыр, деп хабарлайды Bassport.kz.

Клуб маған ешқандай алдын-ала ескерту жасаған жоқ. Қазір еңбек демалысында жүрмін. Қағазға қол қойған жоқпыз. Футбол клубтарына алаяқтар керек жоқ. Оларға бірінші кезекте лас тірліктерімен айналысу қажет. Бізде түсініспеушілік болды. Мен үндемей қала алмайтын адаммын. Болған жағдайды айтамын. Мұнда өте көп жағдайларға куә болдым. Мұндай адамдар «Тобыл» үшін және жалпы Қазақстан футболы үшін ұят, - дейді Андрей Канчельскис «Спорт Экспресс» басылымына берген сұхбатында.

Ол клубты сатып алған Әлімжан Қалдияровпен түсінісе алмаған. Оның лас тірліктері көп деп отыр.

Мен зауытқа қалай металды балқыту керегін айтпаймын ғой. Ол шаруадан хабарым жоқ. Өзімнің сүйікті ісім футболмен айналысып жүрмін. Клубқа дилетанттар келіп, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін айтып, мазаны алғанда кикілжің болатыны сөзсіз. Ондай адамдармен қалай тіл табысасың? Әлімжан Қалдияровқа алаяқтық туралы іс қозғалған. Ол клубқа келіп, алаяқтықпен айналысты. Бұлай болмайды. Мені осыған итермеледі. Бірақ ондайға бармаймын. Бұл қылмыстық іс. Әлімжанды сотқа беремін. Менің атымды былғауына жол бере алмаймын. Футболды таза ойнайды, сондықтан әділдік қажет, - дейді экс-директор.