Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жаңа туған нәрестесін сатпақ болған әйел ұсталды

AstanaTV
24.11.2023ж. 09:17
636
Жаңа туған нәрестесін сатпақ болған әйел ұсталды

Алматы облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері  «Тоқта-трафик» жедел алдын алу шарасы барысында Қарасай ауданында көрші республиканың 24 жастағы тумасын ұстады. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлайды. 

 Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған азаматша жүктілігі жеті айлық кезінде әлеуметтік желіге жаңа туған баласын сататыны туралы хабарландыру жариялаған.  

"Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", -деді Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.  

Ұсталған азамат заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.