Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Моңғолияда минус 38.1 градус аяз тіркелді

AstanaTV
24.11.2023ж. 11:46
748
Моңғолияда минус 38.1 градус аяз тіркелді

Өткен түнде Моңғолияның солтүстік-батысындағы Завхан аймағы Тэлмэн сомонында минус 38.1 Цельсий градусқа дейін аяз тіркелді. Бұл туралы бейсенбі күні елдің Қоршаған орта метеорология және мониторингі институты мәлім етті. Kazinform бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Сәрсенбі түнде Моңғолияның көп бөлігінде тіркелген аяздан кейін Сухбаатар, Хэнтий, Дорнод және Дорноговь аймақтарында қалың қар жауды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қытаймен шекарадағы Дорнод және Дорноговь шығыс аймақтарында уақытша жолдар жабылды», - делінген ресми хабарламада.

Метеорологтардың сөзінше, Моңғолияда апта соңына дейін осындай аяз сақталады. Жалпы Моңғолияда қыс қатты әрі ұзақ болады. Ауа температурасы 25 градустан 45 градус нөлден төменге дейін жетеді.

1966 жылдың 26 желтоқсанында Моңғолияның солтүстік-батысындағы Увс аймағы Зуунговь сомонында ең суық ауа райы — минус 55,6 Цельсий градус тіркелгенін еске сала кетейік.