Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қарағандыда "AMANAT" партиясының әйелдер форумы өтті

24.11.2023ж. 20:00
584
Қарағандыда "AMANAT" партиясының әйелдер форумы өтті

Қарағандыда "AMANAT" партиясының әйелдер форумы өтті. Оған 270-тен астам мұғалімдер, дәрігерлер, қаржыгерлер, мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Басқосуда тұрмыстағы зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарын қорғау туралы мәселелерді талқыланды. "AMANAT" партиясының хатшысы Шолпан Каринова "Әйелдер қанатының" рөлі ерекше екенін атап өтті.

Шолпан КАРИНОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Барлық өңірлерде және орталық аппаратта біз гендерлік теңдік, әйелдердің экономикаға үлес қосуын, саяси өмірге араласуына атсалысамыз. Осы мәселелердің барлығын біз "AMANAT" партиясының "Әйелдер қанатының" жұмыс жоспарында қараймыз.
Ал, Қостанайдағы форумда «AMANAT» партиясы мәслихат депутаттары бас қосты. Онда сайлауалды бағдарламаның Жол картасын орындалуы туралы айтылды. Бұл депутаттық фракцияның межелі міндеттерінің бірі. Сонымен қатар форумда партияның осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстары айтылды. Панельдік сессия жұмыстарында өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды. Сайлауалды бағдарламасына сай облыстық филиал 163 инвестициялық жобаның жүйелі жүзеге асуына айрықша көңіл бөліп отыр. Биыл жобаның 55-і іске асқан. Жол картасы шеңберінде ынтымақтастықты нығайтып, мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орнату арқылы күрделі түйткілдің күрмеуін шешу негізгі меже болып табылмақ.

Ғабит СҮНДЕТБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНГЕЛДИН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз енді осы мәселелердің әр пунктеріне мысалы Жангелдин ауданы бойынша биылғы жылы 63 пункт болатын болса, осының әрқайсысына депутаттар бекітілген. Мамандықтарына байланысты.Өздерінің қарастырған көзқарастарына байланысты. Бүгінгі таңда атқарылып отырғаны 85 пайыз.