Ақтөбеде ата-аналар шу көтерген балабақша жабылды. Арнайы құрылған комиссия осындай шешім шығарды. Комиссия тексерістен кейін, қызмет көрсету сапасының өрескел бұзылғаны анықтады. Сондай-ақ, әр балаға 46 мың теңге көлемінде берілетін мемлекеттік тапсырыс тоқтатылды.
Нұргүл БЕРТІЛЕУОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бүгінгі күннен бастап балабақша жұмыс жасамайды. Ал осыған дейін мемлекеттік тапсырыспен осы «Амир» балабақшасына барып жүрген 70 баланы ата-аналардың келісімімен басқа Ақтөбе қаласында орналасқан бала бақшаларға жіберетін боламыз.
Кешегі шығарылымымызда балабақшада балалар еденде ұйықтап, үйлеріне үсті басы көк ала қойдай көгеріп баратынын көрсеткен болатынбыз. Бұл дерекке қатысты полиция тексерісті жалғастырып жатыр.