Алматыда ер адам "Премьера" тұрғын үй кешенінің 14-қабаттағы балконынан құлап, мерт болды.
Полиция бұл фактіні суицид тіркеп, ҚР ҚК-нің 105-бабы, "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша тергеу амалдарын қол алды.
"Алматы қаласының полиция департаменті бұл фактіге сәйкес, Наурызбай ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатқанын нақтылайды", делінген.