$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

AstanaTV
25.11.2023ж. 14:46
1070
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Қайғылы оқиға 25 қарашада сағат 08:50 шамасында Қарағанды-Қарқаралы тас жолында Lada Vesta мен Mercedes Benz автокөліктерінің соқтығысуы кезінде болды.

Өңір полициясы мәліметінше, салдарынан Mercedes автокөлігінің жүргізушісі және оның 44 жастағы жолаушысы оқиға орынында қаза тапты.

"30 жастағы Lada автокөлігінің жүргізушісі және оның 51 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді", делінген хабарламада.