Шымкент тұрғынын суицидтен құтқару сәті полицейлердің бейнежетонына түсіп қалды.
24 қарашаның кешінде жедел басқару орталығына белгісіз әйелдің көппәтерлі үйдің 11-қабатындағы ортақ балконнан секіруге оқталып тұрғаны туралы хабар түсті.
Тез арада патрульдік полиция полкінің автоэкипажы жолданды.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары балконның қоршауына шығып тұрған қызды көреді.
Оның назары бір сәтке ауғанын пайдаланған инспектор Нұржан Айдаров қызды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді.
Қызбен профилактикалық сұхбат жүргізілді.
Оның жеке мәселеге байланысты осындай қадамға барғаны белгілі болды.