Жақында футболшы жігітке тұрмысқа шыққан Мерей Әбілова бал айына аттанды. Димаш Қашкен мен блогердің таңдауы Париж қаласына түскен.
"Бал айына кеттік. Қонақ үйге орналасып алдық", - деп жазды блогер.
Әбілованың мәліметінше, жас жұбайлар бал айын өткізу үшін Париж қаласын таңдаған. Желі қолданушылары жарасымды жұптың саяхатына сәттілік тілеп, жылы лебізін жаудырған. "2023 жылдың жарасымды жұбы", "Өте әдемі", "Керемет", "Бал айы дегенді бұрын кинодан ғана көруші едік", "Бақытты болыңыздар", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік , блогердің үйлену тойы Алматы қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткен. Үлкен тойға дейін жастардың некелесу салтанаты болды. Оған жас жұбайлардың ет-жақындары ғана қатысқан.