Бірнеше күн бұрын Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауылында жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Мәйіт сараптамаға жіберілді.
Облыстық полиция баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақжайық ауылынан 10 шақырым жерде із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі табылды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Өлімнің себебін анықтау үшін мәйіт сараптамаға жіберілді. Полицейлер ер адамның 22 қарашада жоғалып кеткенін және сол күні ауданда қатты боран болғанын атап өтті. Марқұм жұмыстан сағат 10:00-де шыққан, алайда, үйіне оралмаған. Оны іздеуге тікұшақ жұмылдырылды.