$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Өзбекстанда әйел адам 7 ай бойы 14 жасар қызды күштеп ұстап, еркектердің астына салған

AstanaTV
25.11.2023ж. 19:12
3875
Өзбекстанда әйел адам 7 ай бойы 14 жасар қызды күштеп ұстап, еркектердің астына салған

Өзбекстанда Қашқадария өңіріне қарасты Ходжабақ ауылында масқара оқиға орын алды. Мамыр айынан 15 қараша аралығындағы 7 ай бойында 14 жасар қызды әйел адам өз үйінде күштеп ұстап, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген.

Бұл туралы ақпаратпен Өзбекстанның балалар омбудсмені Сурайе Рахмонова бөлісті.

Осы уақыт бойында әйел адам кәмелетке толмаған қызды әртүрлі еркектермен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген, деп жазады Telegram-дағы "Новости Кашкадарьи" арнасы.

Бас прокуратура іске ден қойғаннан кейін Н.А-ға қатысты "Он сегіз жасқа толмаған адамға қатысты жасалған адам саудасы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүзеге асырылып жатыр.

Қараша айының басында Өзбекстанда экс-шенді балалар үйінің тәрбиеленушілерін зорлағаны үшін үш жылға сотталған болатын.