Қызылорда облысында кәріз құдығына құлап кеткен 2015 жылы туған бала өлі табылды. Бұл туралы облыстық ТЖД басасөз қызметі мәлім етті.
Оқиға 25 қарашада сағат 13:24-те Қызылордада болған. 8 жасар бала абайсызда орталық кәріз құдығына құлап кеткен. 25 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де құтқарушылар кәріз құдығынан 2015 жылы туған баланың денесін тапты.
"Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері мен 5 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері және 1 техника, Полиция департаментінің 8 қызметкері мен 3 техника, жедел жәрдем бригадасы, "Қызылорда су жүйесі", жергілікті атқарушы орган қызметкерлері оқиға орнына барды", - деп хабарлады ведомвсто баспасөз қызметі.