Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ақтауда көлік қағып, екі аяғы да сынған әйел ауруханаға жатудан бас тартқан

AstanaTV
26.11.2023ж. 13:44
1222
Ақтауда көлік қағып, екі аяғы да сынған әйел ауруханаға жатудан бас тартқан

Ақтауда реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде көлік әйелді қағып кетті. Оқыс оқиғаны патрульдік полиция батальонының қызметкерлері байқап қалған, - деп хабарлайды  "Лада" басылымы.

Оқиға сенбіде түс ауа 13 және 14-шағынаудандар арасындағы тасжолда, "Кораблик" бизнес орталығына қарама-қарсы жерде болған.

1967 жылы туған жәбірленуші облыстық аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, әйелге екі аяғының ығыспай сыну диагнозы қойылған. Науқас ауруханаға жатудан бас тартқан, сондықтан оған гипс салынып, үйіне жіберілгені айтылды.