Оралда тұрғынның басына кірпіш құлап, әйел адам жан тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 26 қарашада сағат 14.35-те Назарбаев даңғылындағы 236 үйдің жанынан өтіп бара жатқанда болған.
Әйел адам оқиға орнында мерт болған.
Қайғылы жағдайдың себептерін анықтау мақсатында Орал қалалық ПБ жедел-тергеу тобы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс атқарып жатыр.