Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

"Реал" бомбардирі Роналдудың рекордын жаңартып, клуб тарихына енді

AstanaTV
27.11.2023ж. 11:22
787
"Реал" бомбардирі Роналдудың рекордын жаңартып, клуб тарихына енді

"Реал" футболдан Испания чемпионатының (Ла Лига) 14-туры аясында "Кадис" командасын 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Голдардың бірін мадиридтік клубтың жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем соқты.

Осылайша, ағылшын футболшысы алғашқы 15 матчта 14 гол соққан "Реал" тарихындағы алғашқы футболшы болды.

Криштиану Роналду мен Альфредо Ди Стефано 13 гол соққан еді.

20 жастағы Беллингем осы жазда Дортмундтың "Боруссиясынан" "Реалға" ауысып, 2029 жылғы 30 маусымға дейін келісімшартқа отырған.

Осы ойыннан кейін 35 ұпай жинаған "Реал" Ла Лига кестесінде көш бастап тұр, "Кадис" болса 10 ұпаймен 16-шы орында келеді.