Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Максим Самородов ресейлік клубқа ауысуға ниет білдірді

AstanaTV
27.11.2023ж. 18:29
787
Максим Самородов ресейлік клубқа ауысуға ниет білдірді

Қазақстан ұлттық құрамасының және "Ақтөбе" футбол клубының жартылай қорғаушысы Максим Самородов ресейлік клубтарға ауыспақшы. 

21 жастағы футболшы биыл күзде  Мәскеуге барып, футбол агенттігінің біріне топ-клубтармен келіссөз жүргізуге рұқсат берген.

Бұған дейін Максим Самородовқа "Краснодар" мен "Спартак" футбол клубтары қызығушылық танытқан еді.

Футболшының өзі "Трабзонспор" клубына ауысып, Түркияға көшкісі келеді. Сонымен қатар Самородовтың Қазақстан құрамасы сапында өткізген матчтарын италиялық "Торино" өкілдері бірнеше рет тамашалаған.

Ал "Ақтөбе" клубы Самородовқа келісімшартты созу туралы ұсыныс жасады. Алайда футболшының өзі нақты шешім қабылдауға асығар емес, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.