Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Әуежайларда рейстер кешікті

AstanaTV
06.12.2016ж. 20:00
2642
Әуежайларда рейстер кешікті

Бүгін Астана мен Алматы әуежайларында бірнеше рейс кешікті. Бұған құбылмалы ауа райы себеп. Таңғы  сағат 9- дан 20 минут өткенде берілген ақпар бойынша Алматы әуежайында оннан астам рейс уақытылы ұшпаған. Ал Астанада рейстердің кешігуі күн райының қолайсыздығынан емес, өзге қалалардан ұшқан әуе кемелерінің кешігіп келуімен байланысты көрінеді.

Людмила Копейчук, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі:

Қазір ұшып кетуі тиіс 3 рейс кешіктіріліп жатыр. Олардың екеуі «Казах Эйр» компаниясының ұшақтары. Алматы және Семей бағыты бойынша. Біреуі Тбилисиге. Себебі әуе кемелерінің кешігіп ұшып келуімен байланысты.  Өскемен, Семей, Орал бағыты бойынша ұшып келетін рейстер кешеуілдеп жатыр.

Алматыда кешкі уақытта Өскемен және Семей бағыты бойынша ұшатын рейстер кешіккен. Шарджаға ұшатын рейс те уақытылы көкке көтеріле алмады. Алматы халықаралық әуежайының сайтындағы кестеге үңілсек, Тегеран, Сеул, Астана бағытымен ұшып келетін рейстердің кешігетіні туралы ақпар бар. Ал түнде және таң ата ұшақтардың уақытылы ұшпауы ауа-райының қолайсыздығы мен техникалық ақауларға байланысты.