Корея статистика агенттігінің болжамы бойынша, тұрғындардың тез қартайып, туу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты оңтүстіккореялықтар жастар саны 30 жылда екі есеге азаяды. Kazinform бұл туралы Yonhap агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кореяда 19-34 жас аралығындағы адамдар саны 2020 жылы 10,21 млн болған. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 5,21 млн адамға дейін азаяды деген болжам бар.
2020 жылы жастардың үлесі 20,4% болған, бірақ 2050 жылға 11%-ке дейін төмендеуі мүмкін, деп атап өтті агенттік.
Кейінгі онжылдықта осы жас санатындағылар арасында үйленбеген жігіттер мен тұрмысқа шықпаған қыздар саны артып отырды. 2020 жылы 7,84 млн жас некеге тұрмаған, бұл – осы жастағы тұрғындардың 81,5%-і. Көрсеткіш 2000 жылы 54,5%, 2010 жылы 68,9% болды.
Сонымен қатар Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін әйелдер саны артты. Олардың үлесі 2000 жылы 42,3%-тен 2020 жылы 61,1%-ке дейін көбейді.
Туу көрсеткіші 2023 жылы рекордтық төмен нәтиже - 0,7 көрсетті.