Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Өскеменде автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

AstanaTV
28.11.2023ж. 11:15
578
Өскеменде автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Өскеменде маршруттық автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, соның салдарынан ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, қайылы оқиға 28 қарашада сағат 6:00 шамасында Абай даңғылында болған.

«Гаванский көпірі» аялдамасы маңында жол-көлік оқиғасы болды. Автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады ШҚО ПД өкілдері.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.