Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Банкоматтан өзгенің ақшасын ұрлаған астаналық азамат құрықталды

AstanaTV
28.11.2023ж. 11:58
528
Банкоматтан өзгенің ақшасын ұрлаған астаналық азамат құрықталды

Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері өзгенің шотынан ақша ұрлады деген күдікпен 38 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында ер адамның күндізгі уақытта қаланың сол жақ жағалауындағы банктердің біріне келгені белгілі болды.

Ол банк клиентінің банкомат арқылы қолма-қол ақшаны шешіп алып, операцияны соңына дейін аяқтамай кетіп қалғанын байқайды.

Қылмыстық оймен күдікті, жәбірленушінің банк менеджерімен сөйлесіп тұрғанын пайдаланып, оның шотынан 50 мың теңгені ұрлап алып үй-жайдан шығып кеткен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.