$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Өскеменде автобус қағып кеткен жаяу жүргінші көз жұмды

AstanaTV
28.11.2023ж. 14:45
784
Өскеменде автобус қағып кеткен жаяу жүргінші көз жұмды

Өскемен қаласында автобус қағып кеткен жаяу жүргінші қаза тапты.

Оқиға 28 қараша күні таңертең болған. Абай даңғылындағы аялдамада маршруттық автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Соның салдарынан ол сол жерде көз жұмды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.