$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада "Қазіргі әлемдегі дін: проблемалары мен болашағы" атты семинар өтті

28.11.2023ж. 20:00
837
Астанада "Қазіргі әлемдегі дін: проблемалары мен болашағы" атты семинар өтті

Дін істеріне қатысты заң талаптары біраз өзгерістер мен толықтыруды қажет етеді. Бұл туралы бүгін елордада өткен "Қазіргі әлемдегі дін: проблемалары мен болашағы" атты оқыту семинарында айтылды. Онда дін мамандары БАҚ өкілдерімен кездесіп, дін мәселелері бойынша заңдағы өзгерістерді талқылады.

Жиында діни мәселелерге байланысты заңдағы өзгерістер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Себебі қазіргі таңда БАҚ өкілдері тарапынан кейде ақпараттарды сүзгілеу барысында түсінбеушілік туындап жатады. Сондықтан мамандар бұл жиынның маңызы зор дейді. Соңғы кездері әлеуметтік желіде де діни тақырыптағы түрлі матариалдар тарап жатады. Алайда тұрғындардың білместігі оларды заң алдында жауапкершіліктен құтқара алмайды дейді.

Қайрулла КӨШҚАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Әлеуметтік желіде интернет ресурстарын мониторинг жұмыстарын атқару. Бұл жерде қазіргі таңда енді көптеген аккаунттар және көптеген сайттар қызметін атқарып жатыр. Бұл теріс ағымның сайттары деп айтайық. Көптеген қазақстандықтар осы теріс ағыммен аккаунттарына тіркеліп, өздеріне керек емес ақпараттарды жүктеп таратып отырған жағдайлары бар.
Семинарда діни экстремистік ағымдардың жолын кесу мәселелері де сөз болды. Мамандардың айтуынша, ондай теріс ағымдар халықты ұлттық құндылықтардан бас тартуға насихаттайды. Сондықтан оған бей-жай қарауға болмайды дейді. Алдағы уақытта осы тақырып жөнінде үлкен форумдар өткізу жоспарланған.

Адия РОМАНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Астана қаласында діни ахуал тұрақты, айтарлықтай көтерілетін БАҚ өкілдерімен көтерілетіндей проблема бар деп айта алмаймын. Бірақ сонда да біз енді тәжірибеде жүрген адамдар болғандықтан біраз заңнамамыз, заң талаптары біраз өзгерістерімен толықтыруларды қажетсінеді. Сонымен қатар енді осы пандемиядан кейін заман талабы да өзгерді ғой. Сондықтан біз осы заман талабына қарай бізде заңдарымызды бағыттауға тиіс болып тұрмыз.
Семинар соңында мамандар дін мәселелерін жариялауда БАҚ өкілдерін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.