Қызылордада шалғай елдімекендерде де заман талабына сай дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік бекеттер бой көтеруде. Биылдың өзінде осындай 15 медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Бұл -«Ауылда денсаулық сақтау» Ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар.
Аймақта заман талабына сай медициналық нысандар көптеп салынып жатыр. Соның бірі- 4-санатты 5 мың-10 мың донацияға арналған облыстық қан орталығының құрылысы. Жоба құны 2,9 млрд теңге болатын нысан келер жылы пайдалануға беріледі.
Тоғжан АМАНУЛАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Әлеуметтік желіден де көріп жатырмыз. Сыр өңірінде көптеген нысандардың салынып жатқаныны Сыр өңірінде. Көптеген жаңа аппараттардың келіп жатқаны өте қатты қуантады. Себебі бірінші байлық денсаулық қой халыққа ең керегі. Сонымен қатар білікті мамандарда өте көп.
Биыл іргетасы қаланған нысанның тағы бірі – 300 төсектік көпбейінді аурухана. Жобада 100 келушіге арналған емхана, онкологиялық орталық қарастырылған. Құны- 36,4 млрд теңге. Аймақта «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Олжас ЫСҚАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Президентіміздің ауылдық медицинаны жаңғырту тапсырмасына сәйкес осы екі жылда 23-24 жылдары 27 медициналық ауылдағы объектінің құрылысы жүреді. Оның 24-і дәрігерлік амбулатория, 2-еуі фельдшерлік-акушерлік бекет болса, біреуі медициналық бекет.
Денсаулық сақтау саласына жылына облыстық бюджеттен 11-12 млрд теңге бөлінеді. Соның нәтижесінде саланың қордаланған мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде.