$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Күн сайын 10 мың адам АИТВ инфекциясын жұқтырады», - ДДСҰ

29.11.2023ж. 20:00
690
«Күн сайын 10 мың адам АИТВ инфекциясын жұқтырады», - ДДСҰ

Әлемде күн сайын 10 мың адам АИТВ инфекциясын жұқтырады. Бұл -дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі. Ал, Астанада қауіпті дертпен 319 адам күресуде. Оның ішінде кәмелетке толмаған балалар да бар. Тіркеуде тұрғандардың 60 проценті ауруға соңғы 5 жылда шалдыққан.

Сәбит АБДРАИМОВ, ҚР ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Астанада жастар көп жиналған. Сондықтан біз 10 пайыз емес, қазіргі таңда 25,4 пайыз, яғни 343 мыңдай адамды АИТВ инфекциясынан тексеруден өткізіп жатырмыз. Сол тексерілгендердің ішінде 82 пайызға дейін біз 1,2 сатыда, жеңіл сатысында анықтап жатырмыз.

Инфекция жұқтырғандардың 72% — ер адам. Басым көпшілігі 20 мен 39 жас аралығында. Қазір «АИТВ инфекциясын алдын алу орталығы» әлеуметтік тапсырыс негізінде қалалық әкімдіктің қолдауымен бұл дертпен жүйелі күресіп келеді. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жастармен жиі кездеседі.

Қанат АСҚАРОВ, «АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ОРТАЛЫҒЫ» МКҚК ДИРЕКТОРЫ:

Біздің орталық ашық есік күндерін өткізеді. Аурухана, теміржол вокзалы, мектеп, әуежай, адам көп жиналатын орындарға ескерту қағаздар ілеміз. Тұрғындармен кездесеміз. Оның ішінде оқушылар мен студенттерге ерекше назар аударылған. Сонымен қатар олар дәрігерлерден тікелец кеңес алып, тесттен өтуге мүмкіндіктері бар. Әрине, әркімнің қалауы бойынша.