Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі жағынан республика бойынша көш бастады", - Д.Сатыбалды

29.11.2023ж. 20:00
546
"Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі жағынан республика бойынша көш бастады", - Д.Сатыбалды

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі жағынан республика бойынша көш бастады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл өнім көлемі 1 трлн теңгеден асқан.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімі бойынша биыл рекордық көрсеткішке жеткен. Салада жаңа технологиялар кеңінен қолданылуда. Қарқынды бау көлемі 5 мың гектардан асқан. Нәтижесінде өнімділік 5 есеге артқан.

Дархан САТЫБАЛДЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Егістікті әртараптандыру нәтижесінде көкеніс бақша өнімдерінен рекордтық 3,3 млн тонна жиналып отыр. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында биыл 25 жобаны іске асыру көзделсе жыл басынан бері нақты 22-сі іске қосылды.

Өңірде шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Кәсіпкерлік субьектінің саны 28-мыңға жеткен. Салада 1 трлн. теңгеден астам өнім шығарылған.

Дархан САТЫБАЛДЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Кәсіпкерлер21,3 млрд. теңгеге жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етілді. Келесі жылы несиелендіру көлемін 40 млрд. теңгеден асыруды межелеп отырмыз.

Облыста туризім саласы да қарқынды. Биыл тарихи орындарға келушілердің саны 900-мыңға жеткен. Туристік нысандарды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында жалпы құны 34,4 млрд.теңгені құрайтын 10 жоба іске асырылуда.