$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Жын кіріп кеткен бе, мына сиқы не?": Кәріс биін мың бұрала билеген белгілі абайтанушы Омар Жәлелдің масқарасы шықты

AstanaTV
30.11.2023ж. 08:53
1337
"Жын кіріп кеткен бе, мына сиқы не?": Кәріс биін мың бұрала билеген белгілі абайтанушы Омар Жәлелдің масқарасы шықты

Белгілі ғалым, абайтанушы Омар Жәлел тағы да сынның астында қалды.

Бұл жолы ол кәрістің ұлттық киімімен би билеп, желідегілердің ашуын келтірген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ғалымның бұл жолы таңдауы кәріс ұлтының биіне түскен. Ол сол елдің ұлттық киімін киіп, мың бұрала билеуде жөн көрген.

Көпшілікке білдей бір ғалымның бұл әрекеті ұнамаған. Олар оны жаппай сынның астына алып жатыр.

"Абай танушы деп құрмет тұтушы адам еді, жын кіріп кеттіме, бар құрмет сиынан ажырады ғой. Адамды шайтан азғырмасын, мына сиқы не?", "Амантай қажынын шәкірттерінің бірі", "Абайды, әйелді, танып болды енді биді танитын болар", "Қуды бұл да. Жақсы қазаша сабақ өткізіп жүруші еді" деп жазды олар.