Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жаңа ереже: Енді тұрғын үй құрылысына рұқсат алу қиындайды

AstanaTV
30.11.2023ж. 18:03
586
Жаңа ереже: Енді тұрғын үй құрылысына рұқсат алу қиындайды

Қазақстанда мектеп, балабақша мен аурухананы салып алмай, көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына рұқсат берілмейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісте депутаттар "Кейбір заңнамалық актілерге білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын қабылдады.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, заң жобасында үш негізгі бағыт бойынша нормалар қарастырылған. Бірінші бағыт – балалардың қауіпсіздігіне және құқықтарын қорғауға қатысты нормалар.

Соңғы кезде мектеп ғимараттарының төбесінің құлауы сияқты фактілер жиілеп кетті. Сондықтан осындай біраз жыл бойы жұмыс істеп тұрған ғимараттарды әр 5 жыл сайын тексеріп тұру өте маңызды деп санаймыз. Заң жобасында 30 жылдан көп пайдаланып келе жатқан мектеп, балабақша мен колледждердің ғимараттарын әр 5 жыл сайын апаттылық қаупі бойынша тексеру туралы норма ұсынылды, - деді Аймағамбетов мәжілістің жалпы отырысында.