Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Елімізде алғаш рет лецитин майы Шығыс Қазақстан облысында өндірілмек

30.11.2023ж. 20:00
546
Елімізде алғаш рет лецитин майы Шығыс Қазақстан облысында өндірілмек

Елімізде алғаш рет лецитин майы Шығыс Қазақстан облысында өндірілмек. Өңірде май тұқымын қайта өңдеу көлемі 900 мың тоннаға жеткен. Сондай-ақ екі су қоймасы жаңғыртылып, тағы біреуі жаңадан салынады. Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Көшербаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру брифингінде айтты.

Облыс майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша жеткілікті қуатқа ие. Онда май өндіретін 12 кәсіпорын бар. Сонымен қатар қуаты 50 мың тонна болатын "Алтай май" зауыты іске қосылмақ. Нәтижесінде өсімдік майының экспорты 2 есеге өспек. Жақында Шанхай қаласында өткен басқосуда қазақстандық май өнімдерін жеткізу шарттарына қол қойылды. Оның ішінде Шығысқазақстандық кәсіпорындар да бар.

Ермек КӨШЕРБАЕВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Біздің облыс Қазақстанда тұңғыш рет лецитин өндіруді қолға алып отыр. Жылына 4 мың тонна сұйық лецитин өндіру үшін күнбағыс тұқымын терең өңдеуді енгізуде. Ал 2025 жылдан бастап құрғақ ұнтақты лецитин шығару жоспарланды.
Шығыста бұдан бөлек туризм саласына да ерекше көңіл бөлінген. Өңір басшысының айтуынша, ортадағы Қытаймен визасыз режимнің пайдасы мол. Себебі инвеститцияның көбі көрші елден келеді дейді.

Ермек КӨШЕРБАЕВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Мен ойлап отырмын екі жақа да екі мемлекетке де өте пайдалы болады. Көріп отырсыздар қазір Марқакөл ауданы жаңадан құрылып отыр. Егер мынау кейбір заңға байланысты сұрақтарды шешсек, Марқакөлді әрине мемлекет жағынан және қоғам жағынан дұрыс бақылау дұрыс инфрақұрылым салсақ, онда туристер келіп жиі келсе өркендейді деп ойлаймын.
Аймақта 2024 жылы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір іске қосылады. Бұл үшін республикалық бюджеттен құрылысқа 5 млрд теңге бөлінбек. Сондай-ақ облыстық бюджеттен 3 млрд теңге қарастырылған.

Ермек КӨШЕРБАЕВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Қазіргі кезде министрмен келісіп сентябрь айында оны орталық министрліктің құзіретіне тапсырдық. Келесі жылы амандық болса жылдың аяғына көпір іске асу жұмыстары бітеді.
Өңірде республика су айдындарының 40%-ы шоғырланған. Зайсан ауданындағы Кендірлік өзенінде су қоймасын салу жоспарланып отыр. Есесіне суармалы және егістік жерлердің көлемі 30 мың гектарға дейін ұлғаяды. 830 фермерлік шаруашылықты сумен қамту мүмкіндік береді.