ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, "АМАNАТ" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Алматыдағы өрттен қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты
"Құрметті достар!
Алматыда хостелдердің бірінде орын алған өрт кезінде 13 адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабар бүкіл елді дүр сілкіндіріп, баршамыздың қабырғамызды қайыстырды.
Қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін.
Президент Үкімет пен Алматы қаласының әкімдігіне кінәлілерді заң аясында жауапқа тартуды, сондай-ақ зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың басшылығымен өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.
Аталған комиссия қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтап, болашақта мұндай жағдайларды болдырмау шараларын ұсынады деп сенемін",-деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.