$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Екінші жанұям бар": Дастан Қалдыбаев алғашқы отбасын неге сақтай алмағанын айтты

AstanaTV
01.12.2023ж. 14:24
11878
"Екінші жанұям бар": Дастан Қалдыбаев алғашқы отбасын неге сақтай алмағанын айтты

Қазақстандық танымал әзілкеш Дастан Қалдыбаев бірінші отбасы жайлы жан сырын ақтарып, оны неге сақтап қала алмағанын ашып айтты. Бүгінде әртістің екінші жанұясы бар. Дастан Қалдыбаев бірінші әйелімен не себепті ажырасып кеткенін "TalkLike" бағдарламасында айтып берді. Сөзінше, келіншегі екеуінің мінезі сай келмеген. Алайда әзілкеш балаларымен жақсы қарым-қатынасты сақтап қала алған. Бүгінде перзенттері оның екінші отбасымен де жақсы араласып тұрады екен.

"Бүгінде бір жеңге. Заңды ажырастым. Қазір екінші жанұям бар. Алғашқы отбасыда түсінісе алмадық. Екі баламыз болды. Ұлым да, қызым да болды. Мінезіміз сай келмеді. Балалармен өте жақсы байланыс бар. Бәрі жақсы. Қазір балаларымның екінші жанұяммен де байланысы жақсы. Жарты жылда менің екінші жанұяммен тіл табысып кетті. Негізі қиындау, бірақ мен балаларыммен ашық сөйлесетін адаммын. Оларға дұрыстап түсіндіре білу керек. Түсінбейтін адам жоқ. Оның үстіне балаларым қазір үлкен. Тұңғышым 19-да, қызым 16-дан асып бара жатыр. Балалармен солардың деңгейінде сөйлесу керек. Біз әр түрлі тақырыптарда сөйлесеміз. Олар менен, мен олардан көп ақпарат аламын.