Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда бірқатар мемлекет басшыларымен және басқа да жиынға қатысушы тұлғалармен әңгімелесіп, пікір алмасты.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Сондай-ақ Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясы саммитіне қатысушылар суретке түсті.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына барған болатын.
Саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пленарлық отырыста сөз сөйлеп, мемлекеттер және бизнес құрылымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.