Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Өрт шыққан пәтерде екі бала қалып қойған

AstanaTV
02.12.2023ж. 09:02
648
Өрт шыққан пәтерде екі бала қалып қойған

Ақмола облысының Степногор қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерде болған өрттен екі бала құтқарылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт көппәтерлі тұрғын үйдің 3 қабатындағы пәтерден шыққан.

"Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 8 адам және 3 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Өрт болған пәтерден екі және жеті жасар бала құтқарылды. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығуына балалардың отпен ойнауы себеп болған", - деді ведомстводан.