Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстандық фристайлшы әлем чемпионатының бастапқы кезеңінде бесінші орынға ие болды

AstanaTV
03.12.2023ж. 09:27
853
Қазақстандық фристайлшы әлем чемпионатының бастапқы кезеңінде бесінші орынға ие болды

Шаңғы спортынан Қазақстан құрамасының өкілі Павел Колмаков Рука қаласында (Финляндия) өтіп жатқан әлем чемпионаты жаңа маусымының бірінші кезеңінде бесінші орын алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Могул" шаңғы спорты түрінен сынға түскен спортшы 75,97 ұпай алған. Оған жеңісті қоржынына ілу үшін үш ұпай жетпей қалды. Ерлер арасындағы шаңғы спортынан бірінші орынды Олимпиада жүлдегері жапондық Икума Хоришима (82,68) иеленді. Швед спортшысы Вальтер Валльберг (79,88) күміске қол жеткізді, ал қола медальді канадалық Микаэль Кингсбери (79,08) жеңіп алды. Сондай-ақ тағы бір қазақстандық Антон Бондарев іріктеуден өте алмай қалды. Әйелдер арасындағы могулдан жарыс Анастасия Городко жоғары нәтиже көрсеткен. Қазақстандық спортшы 70,24 ұпай жинап, жетінші орынға тұрақтады. Австралиялық Джакара Энтони (84,14) жеңісті қоржынына салды, күміске америкалық Элизабет Лемли (79,68) қол жеткізді, ал Оливия Гьаччоның (76,35) мойнына қола медаль тағылды. Тағы бір қазақстандық спортшы Аяулым Әміренова (65,22) 12-орында, ал Юлия Галышева іріктеуден өте алмады. Рукадағы әлем чемпионатының кезеңі жексенбіде ерлер мен әйелдер арасындағы шаңғы акробатикасынан өтетін жарыстармен аяқталады.