Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Атырау облысында жантүршігерлік апаттан үш адам көз жұмды

AstanaTV
03.12.2023ж. 12:16
1004
Атырау облысында жантүршігерлік апаттан үш адам көз жұмды

Атырау – Ақтөбе – Астрахань тас жолында қараша айының соңында жеңіл көлік пен ауыр жүк көлігі соқтығысып, жол апатына ұшыраған, салдарынан үш адам қаза болды, деп хабарлайды kaz.nur.kz.

Атырау облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған портал хабары бойынша, жол-көлік оқиғасы қарашаның 30-ы сағат 22:45-те Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолының 424-ші шақырымында болған. Жол апаты Lada 2114 жеңіл көлігі мен Iveco жүк көлігінің қатысуымен болған. Салдарынан көліктің 57 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы көз жұмды. Тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп жатыр.