Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Атырау облысында алимент төлемеген борышкердің 2 млн теңгеге жуық қарызы жиналып қалған

AstanaTV
03.12.2023ж. 17:28
1498
Атырау облысында алимент төлемеген борышкердің 2 млн теңгеге жуық қарызы жиналып қалған

Атырау облысында сот қаулысымен ер адамнан балаларын асырап-бағу үшін алимент өндірілген болатын. Бірақ борышкер сот бұйрығын орындамағанның салдарынан оның қарыз сомасы шамамен 2 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды kaz.nur.kz.

Басылым ақпараты бойынша, Атырау облысы Махамбет аудандық сотында Б.А. есімді азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы 1-бөлігіне (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) сәйкес іс қаралды. Бұған дейін 2022 жылғы 18 наурыздағы сот бұйрығына сәйкес, Б.А. есімді борышкерден кәмелетке толмаған үш баласын асырап-бағу үшін айлық табысының және өзге де кірісінің тең жартысы мөлшерінде алимент өндірілген. Бірақ Б.А. сот бұйрығына бағынбаған. Ол қаржылай алиментті уақытылы төлеп отырмағанның салдарынан берешек сомасы 2 075 862 теңгеге жеткен. Сот отырысында Б.А. кінәсін мойындады. Сот қаулысымен Б.А. ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.