Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Инесса Шумекова мен Арина Ильященко конькимен жүгіруден бір қашықтықта жүлдегер атанды

AstanaTV
03.12.2023ж. 18:49
1867
Инесса Шумекова мен Арина Ильященко конькимен жүгіруден бір қашықтықта жүлдегер атанды

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Италияның Коллальбо қаласында басталған жастар арасындағы әлем кубогының 2-кезеңінде қос жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Инесса Шумекова 1000 метр қашықтықта жеңіске жетіп, алтыннан алқа тақты. Ол 1:22:34 нәтижесін көрсетті.

Күміс медаль тағы бір ұлттық құрама спортшысы Арина Ильященконың (1:22:61 секунд) еншісінде.

Одан кейінгі сатыға Польша өкілі Магдалена Смедзик (1:23:20 секунд) жайғасты.

Байрақты бәсекеге 27 елден 230 спортшы қатысып жатыр.