Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Астанада көлік жол апатына ұшырап, аударылды: көлік жолаушысы зардап шекті

AstanaTV
03.12.2023ж. 19:26
2374
Астанада көлік жол апатына ұшырап, аударылды: көлік жолаушысы зардап шекті

Бүгін Астанада екі көліктің қатысуымен жол апаты болды. Оқиға салдарынан көліктердің бірінде болған жолаушы зардап шекті, деп хабарлады Астана полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"27 жастағы жүргізуші Hyundai автокөлігін жүргізіп келе жатып, Мәңгілік Ел даңғылынан Қабанбай батыр даңғылымен әуежайға бет алған. Көлік қозғалысына қауіп төнген кезде жүргізуші көлік толық тоқтағанша жылдамдықты төмендетпеген, салдарынан ол жүруге тыйым салынған қызыл бағдаршамда тұрған Kia көлігімен соқтығысқан. Кейін соқтығыс салдарынан туындаған инерцияның әсерінен Hyundai көлігі аударылып кетті", – деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі өкілдері.

Полицейлер жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai көлігіндегі жолаушының зардап шеккенін атап өтті. Ол сол аяғы жіліншігінің жұмсақ тіндерінің көгеруі диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Тексеруден өткеннен кейін зардап шеккен тұрғын босатылған. Тәртіп сақшылары бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.