Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Маңғыстауда бір күнде 28 жезөкше ұсталды

AstanaTV
04.12.2023ж. 11:34
1251
Маңғыстауда бір күнде 28 жезөкше ұсталды

Маңғыстауда интимдік және боди-массаж қызметтерін көрсететін 28 қыз ұсталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

- 1 желтоқсанда «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интимдік және боди-массаж қызметтерін көрсететін 28 қызды ұстады. Олардың барлығы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449 және 492-баптары бойынша жауапқа тартылды, - делінген баспасөз мәліметінде.

Сондай-ақ жезөкшелікпен айналысатындарға пәтерді жалға бергені үшін екі адам жауапқа тартылған.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті жеке кәсіпкерлер мен риэлторлық ұйымдарға жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысуға үй-жайларды беру әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын және ол үшін 300 мың теңгеден астам айыппұл салынатынын ескертеді.