$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстандықтарды 56 млн теңгеге алдаған әйел сотталды

AstanaTV
04.12.2023ж. 15:19
1379
Қазақстандықтарды 56 млн теңгеге алдаған әйел сотталды

34 жастағы алаяқтықтың құрбаны болғандардың қатарында Тараз, Түркістан облысы және Шымкенттің 53 тұрғыны бар.

Арам пиғылды азаматша оларды электроника дүкендерінің бірінің филиалдарынан тауарлық несие алуға көндірген.

Қарызды төлемеуге болатынын жеткізген ол бұл сауда нүктелері жақын арада жұмысын тоқтатып, толығымен жабылады деп сендірген.

Hy-Lok по стандартным и индивидуальным форматам

Несиеге рәсімделген электрониканы аферист әйел құрбандарынан жарты сомасына сатып алып отырған. Алаяққа ұрынғанын сенгіш азаматтар ай сайынғы төлем туралы ескерту-хабарлама түскен кезде бір-ақ білген.

Бұл жайт бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Ұсталған азаматшаның кінәсін дәлелдейтін айғақтарды жинап, тергеушілер қылмыстық істі сотқа жіберді.

Сот үкімімен оған 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.