$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Жанбота Алдабергенова фристайлдан әлем кубогы кезеңінде қола жүлде иеленді

AstanaTV
04.12.2023ж. 20:00
837
Жанбота Алдабергенова фристайлдан әлем кубогы кезеңінде қола жүлде иеленді

Қазақстандық фристайлшы Жанбота Алдабергенова Әлем Кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды.

Фристайл-акробатика бойынша жарыстың финалында Алдабергенова 77.43 ұпай жинап, үшінші орынды иеленді. Алтынды канадалық Марион Тено жеңіп алды (99.05 ұпай), ал күміс жүлдені Даниэль Скотт 88.47 ұпаймен алды. Финалда барлығы он екі спортшы өнер көрсетті.

Сондай-ақ, Қазақстан атынан акробатикада Ардана Маханова мен Аяна Жолдас қатысты, алайда Маханова тек 21-ші орынды иеленді және финалға өте алмады, ал Аяна іріктеу кезеңіне мүлдем кірмеді.

Жанбота Алдабергенова фристайлдан әлем кубогы кезеңінде қола жүлде иеленді

Flashscore.com сайты Түркия чемпионатының 14-ші турында "Бешикташтың" жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың "Анкарагюджюге" қарсы матчтағы ойыншыларды бағалады.

Екі команданың бастапқы құрамындағы ойыншылардың ішінен Зайнутдинов ең төменгі — 6,2 балл алды. Айта кетейік, бұл матчта қазақстандық футболшы кезекті жаңа позицияда ойнады — бұл жолы ол сол жақ жартылай қорғаушы рөлінде өнер көрсетті.

14 матчтан кейін "Бешикташ" Түркия чемпионатында 26 ұпаймен 3 орын алады. Суперлиганың келесі турында "Бешикташ" негізгі қарсыласы — "Фенербахчемен" кездеседі. Зайнудтинов өзін көрсете алмады

Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының "Северстальмен" ойнады.

Ойынның басталуына дейін қазақстандық клуб чемпионаттың соңғы қатарында болды, ал ресейлік клуб батыста жетінші орында еді.

Бірінші кезеңде қос команда да шайба соқты. Қонақтар сапынан Энтони Камара көзге түсті. Ойынның екінші бөлігінде жағдай қайталанды, бірақ қонақтар Михаил Рахмановтың шеберлігімен таразы басын теңестірді. Соңғы жиырма минутта таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ. Ал овертаймда барыстықтардың бағы жанды. Бесінші желтоқсанда "Барыс" Омбы "Авангардымен" кездеседі.

«БАРЫС» «СЕВЕРСТАЛЬДАН» БАСЫМ ТҮСТІ

Хабарымызды футбол жаңалықтарымен жалғастырамыз. Ағылшын Премьер лигасының 14-турында «Манчестер Сити» мен «Тоттенхэм» кездесті. Ойын өте тартысты өтті. Алғашқы минуттардан бастап, екі команда да бір біріне гол салды. 6-минутта Тоттенхэм ойыншысы Сон Хын Мин қарсылас команда қақпасынан саңылау тапса, 9-минутта өз қақпасына автогол салып алды. Манчестер Сити құрамасында: Фоден мен Грилиш ерекшеленді. Ал Тоттенхэм сапында: Ло Чельсо мен Кулусевски мергендігімен көзге түсті. Соңғысы 90-минутта команданы құтқарып алды десек болады. Тартысты ойын барлық көрсеткіш бойынша теңдей өтті. Тіпті екі команда төрт төрттен ескерту қағазын алды.

АПЛ: «МАНЧЕСТЕР СИТИ» - «ТОТТЕНХЭМ» 3:3

Италияның А сериясының 14-турында «Наполи» мен «Интер» кездесті. Жанкүйерлер ұзақ күткен ойын бір жақтың ғана басымдылығымен өтті. «Интердің» ойыншысы 44- минутта Барреланың берген пасынан кейін Чалханоглу гол соқты. 61-минутта Барелланың өзі де ерекшеленді. Ойынның нүктесін 85 минутта Тюрам қойды. Ол Куадрадоның әдемі пасын голға айналдырды. 14 турдан кейін «Интер» кестеде көш бастаса, «Наполи» 5-орынға жайғасты.

 «НАПОЛИ» - «ИНТЕР» 0:3

Орта салмақтағы Ұлыбритания чемпионы НатАн Хинидің мүддесін қорғайтын Queensbury Promotions промоутерлік компаниясы WBO және IBF әлем чемпионы белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлына үндеу жариялады.

Әлеуметтік желілерде промоушен Хинидің сұхбатының видеосын жариялады, онда ол "Qazaq Stylімен" күресуге ниет білдірді. "Жәнібек, Сток қаласында суық, Жаңбырлы түн өткізуді армандайсыз ба? Натан Хини әлемдік атақтарға алуға мүдделі Біз жекпе-жек өткізгіміз келеді ", - деп жазды Queensbury Promotions аккаунты. Әлімханұлы қашан жекпе-жекке шығады?

Queensbury Promotions

"Жәнібек, Сток қаласында суық, жаңбырлы түн өткізуді армандайсыз ба? Натан Хини әлемдік атақтарға алуға мүдделі. Біз жекпе-жек өткізгіміз келеді"

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін! Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.