Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақтөбе облысында әскери қызметші әріптесін атып өлтірді

04.12.2023ж. 20:00
831
Ақтөбе облысында әскери қызметші әріптесін атып өлтірді

Ақтөбе облысында әскери қызметші әріптесін атып өлтірді. Оқиға “Қиялы" шекара заставасында болған. Әскери прокуратураның мәліметінше, кезекшілікте тұрған екі әскери қызметкер жанжалдасып, арты осындай қайғылы жағдайға ұласқан. Жарақат алған шекарашы жедел жәрдем көлігімен Мәртөк аудандық ауруханасына жеткізілмекші болған көрінеді. Алайда ол жолда көз жұмды. Қазір бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Ролан ЖАНЫСБАЕВ, АҚТӨБЕ ГАРНИЗОНЫНЫҢ ӘСКЕРИ ПРОКУРОРЫ:

Аталған факт бойынша Батыс өңірлік тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімі қылмыстық кодекстің 99 бабы 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер ҚПК 201 -бабына сәйкес жария етуге жатпайды.