$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Актриса Индира Сабирова екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін айтты

AstanaTV
05.12.2023ж. 09:45
1460
Актриса Индира Сабирова екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін айтты

Отандық актриса Индира Сабирова өзінің ұстазына тұрмысқа шыққанын айтқан болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында отбасылық қуанышын бөлісіп, екінші сәбиі өмірге келетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алланың қалауымен, екінші сәбиіміз өмірге келеді. Көптен бері барынша жасырып жүрген жаңалығымызбен бөлісейін деп шештік", - деп жазды актриса.

Желі қолданушылары Индира Сабированы отбасылық қуанышымен құттықтап, жылы лебіз білдірді. "Құттықтаймыз", "Аман-есен босанып алыңыз", "Керемет жаңалық", - деп жазды желідегілер.