Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

WTA Елена Рыбакинаның басты қарсыласын атады

AstanaTV
05.12.2023ж. 16:07
1208
WTA Елена Рыбакинаның басты қарсыласын атады

WTA ресми сайты 2023 жылғы басты теннис матчтарына шолу жасады. Шолушы Алекс Макферсон қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен Беларусь теннисшісі Арина Соболенко арасындағы текетіресті ерекше атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Екі теннисші де маусым басталған сәттен кортқа шығып, Ига Швентекке мықты қарсылас атанды. Олардың польшалық теннисші Швентекпен жеке дара кездесуі назар аудартпай қоймады. Дегенмен Рыбакина мен Соболенко арасындағы бәсеке одан да қызық деп айтар едім. Екі спортшының ойынға деген көзқарасы бір болғанымен, Соболенка мен Рыбакинаның мінез-құлқы мүлдем екі бөлек. Арина 2023 жылға дейін барлық кездесуде жеңіске жетті, бірақ биыл олардың әрқайсы екі рет басым түсіп, екі рет жеңілді. Соболенка Australian Open мен WTA финалында жеңіске жетті. Алайда Рыбакина Индиан-Уэллс финалында және Бейжіңдегі турнирдің ширек финалында асқан сабырлылығымен қарсыласынан басым түсті", - деп жазды Алекс Макферсон.

Еске салайық, Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында рейтингті жаңартты. Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина төртінші орында тұр. Үздік үштік өзгеріссіз: Ига Швентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Кори Гауфф (АҚШ). Жұптық сында Рыбакина бір саты төмендеп, 123-орынға тұрақтады.