Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ұлытау облысының бюджеті "E-Akimat 365" цифрлық платформасында толық қамтылған

05.12.2023ж. 20:00
733
Ұлытау облысының бюджеті "E-Akimat 365" цифрлық платформасында толық қамтылған

Ұлытау облысының бюджеті "E-Akimat 365" цифрлық платформасында толық қамтылған. Ақпараттық жүйе жоспарланған бюджетті ғана емес, оның орындалуында бақылауға мүмкіндік береді. Яғни, әлеуметтік инфрақұрылымдарға жұмсалған барлық қаражат ашық көрсетіледі.

Ашықтың мемлекетіміздің басты саясаты. Сондықтанда Ұлытау облысы алдағы жылдары "E-Akimat 365" ақпараттық жүйесіне толық көшуді жоспарлап отыр. Себебі платформа арқылы тұрғындар бюджет қаражатының қалай жұмсалып жатқанын бақылай алады. Бұл халықтың жергілікті билікке деген сенімін арттырады дейді,-жауаптылар. Платформаны отандық мамандар әзірлеп жатыр. Онда өңірдің 400-ге жуық мемлекеттік мекемелері мен ведомстволарының жұмысы тіркелетін болады.

Ербол ТӨЛЕГЕНОВ, "E-AKIMAT 365" ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бізде бюджеттік өтінімдер мен келісімдер көп. Адамдар оны қайта-қайта принтерден өткізіп, мөр басып, қолтаңба қойдыруға міндетті. Мәселен балабақша салуға байланысты өтінімді қабылдау процесі жылдап уақыт алады. Оған бюджет қаражаты бөлінеді, оның сметалық құжаты, жобасы тағысын тағы. Біздің жүйе арқылы барлығы жылдам орындалатын болады.

Цифрлық платформа бюджетті дұрыс жоспарлауға көмектеседі. Ал Ұлытау облысының қалалары мен кенттерінің тұрғындары даму бағдарламаларын қадағалап, жаңа балабақшаларға, жолдарға, мектептерге, экологияны жақсартуға сұраныс жасай алады.

Юлия МАЛЫШЕВА, ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Шынында да, үй салу жүріп жатыр, құбырларды жаппай ауыстыру жүріп жатыр. Мен көбірек көгалдандыруды, көбірек ауаны тазартуды қалаймын.

Мадина ӘЛЕКЕЕВА, ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мынау Сәтпаев пен Жезқазғанның арасында автобуз беріп жатыр. Үйлер әне әдемі қылып жаңартып жатыр сырттарын. Көп нәрсе жақсарып жатыр.

"Е-akimat 365" платформасын әзірлеушілер бағдарлама әлі де даму сатысында екенін және оны кезең-кезеңімен енгізу алдағы 2 жылда жоспарланып отырғанын атап өтті.