$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Бәрі пәтер іздеуден басталды": Фариза Төреәлі Америкада көрген қиындықтарын айтып берді

AstanaTV
06.12.2023ж. 10:02
2040
"Бәрі пәтер іздеуден басталды": Фариза Төреәлі Америкада көрген қиындықтарын айтып берді

Танымал әнші Төреғали Төрәлінің қарындасы, блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі мұхит асып, Америкаға қоныс аударған болатын. Алайда араға бір жыл салып, елге оралды. Блогер басқа құрлықта өмір сүрудің артықшылығы мен кемшілігін айтып берді.

Бұл туралы  Caravan.kz хабарлайды.

Блогердің айтуынша, жолдасы жаттығу үшін уақытша қоныс аударған.

“Біз Америкада жүргенде әр күніміз жоспарлы, күн тәртібіміз орныққан күйде жұргенімізді білесіздер. Қазақстанда да жүргенде жоспар бойынша жүрдік, бірақ дәл Америкадағыдай болмады. Бәрі көшіп, пәтер іздегеннен басталды. Сол кезде қатты сыналдық. Адамдары бір минут та кешікпейді. Графиктері тығыз. Пәтер іздеп жүргенде тапсаң барып көре салу деген жоқ. Оны көру үшін алдын-ала жоспарлайсың. Пәтер иесі бос күнін айтады, ол күннің қашан келетінін білмейсің. Пәтерді ұнатып, оны сол бойда ала салмайсың. Ішінде дүние-мүлік болмаса оны күтесің. Көшетін күнді белгілейсің. Содан кейін барып, келісім-шартпен бір-ақ кіресің”, – дейді блогер.

Айтуынша, төлеп картасын алудың да машақаты көп екен.

“Қарапайым карта алудың өзі тұратын үйіңе қатысы бар болуы керек. Өтірік біреудің мекенжайын бере алмайсың. Олар жалға беру келісім-шартын тексереді. Бастан-аяқ құжатты тексерістен өткізеді. Бір сөзбен айтып, жеткізу мүмкін емес. Жолдасым екеуіміз қатты таңғалдық. Одан кейін таңғы асты 12-ге дейін ғана алып үлгере аласың. Мейрамханалар таңғы 5-тен бастап, жұмыс істейді. Біздегідей күні бойы таңғы асқа тапсырыс бере алмайсың. Дархан екеуміз барған кезде өмір сүру салттарына бей-жай қарап жүрдік. Тіпті, істерді кейінге қалдыру да болды. Нәтижесінде айыппұл төледік. Жоспарланған істеріміз жүзеге аспай, уақытында орындамағасын түрлі қиындыққа тап болдық. Көп қаржы да кетіп, қалтамыздың түбі көрінді”, – деп еске алады Фариза.

Ақырындап олар жергілікті күн тәртібіне үйренген.

“Бір-бірінің уақытын алмайды. Бір-бірін бағалайды. Баратын жеріне кешікпейді. Бір ғана ережемен жүреді. Бенджамин Франклин есімді тұлғаларының өмір сүру салтын саналарына мықтап сіңірген. Ол кісі әр күнін жоспарлап, мақсаттарға жету үшін түрлі әдіс-тәсіл ойлап тапқан.
Біз “қазақстар үнемі кешігіп жүреді” деген нәрсені қалжыңмен болса да айтамыз. Ол біздің қанымызға сіңіп кеткен. Қалыпты дүние ретінде қабылдаймыз. Олай жүре берсек, қалай мақсаттарға жетеміз?!. Армандаған өмірді сүреміз бе?! Салбырап, өмірді кейінге қалдырып, сапасыз күндерге жол беруге болмайды”, – деп ақыл айтады блогер.