Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қонаев қаласының шекарасы өзгерді

AstanaTV
06.12.2023ж. 16:16
529
Қонаев қаласының шекарасы өзгерді

Алматы облысы Қонаев қаласының шекарасы өзгерді. Бұл туралы Үкіметтің қаулысы шықты, деп хабарлайды Kazinform.

«Жалпы ауданы 10 962 гектар жерді Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылдық округінің шекарасына беру арқылы «Алматы облысы Қонаев қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы бірлескен шешіміне және Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы қаулысына келісім берілсін», - деп жазылған Қаулыдағы мәтінде.

Құжатқа сәйкес, берілетін 10 962 гектар жердің ішінде:

– Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер – 2 916 гектар;

– Елдімекендердегі жерлері – 526,7 гектар;

– Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждығына және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер – 3 174,8 гектар;

– Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи, мәдени мақсаттағы жерлер – 50 гектар;

– Орман қорының жерлері – 445 гектар;

– Су қорының жерлері – 3 гектар;

– Босалқы жерлер – 3 846,5 гектар бөлінді.