Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Елімізде отбасылық сот құрылуы мүмкін – БАҚ

AstanaTV
06.12.2023ж. 19:14
765
Елімізде отбасылық сот құрылуы мүмкін – БАҚ

Алдағы уақытта елімізде отбасылық сот құрылуы мүмкін. Бұл туралы Qazaqstan.tv хабарлады.

Телеарнаның хабарлауынша, бала құқығын қорғайтын бірнеше заң бола тұра, кәмелетке толмаған балалардың заңды құқығы қорғала бермейді. Балаларға жасалатын қылмыстық іс те азаймай тұр.

Кн сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 300-ге жуық хабар түседі. Биылдың өзінде 4500 мың баланың құқығы тапталған.

Осыған байланысты ел аумағында «Отбасылық сот» серпінді жобасы іске асып жатыр.

Оң нәтиже берсе, елдегі – ювеналды, азаматтық және әкімшілік сот біріктіріледі, – делінген хабарда.

Бас прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басшысының орынбасары Сәкен Саметтің айтуынша, биыл прокуратура органдары 900-ге жуық тексеру мен тиісті талдау жасады. Осы бағытта 2,5 мыңнан астам заңдылықты бұзу деректері анықталып, 1,5 мыңнан астам лауазымды қызметтегі адам тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 1 млн 300 мың кәмелетке толмаған баланың құқығы қорғалды.

Елімізде отбасылық соттың құрылуы мүмкін деген әңгіме осыдан төрт жыл бұрын айтыла бастаған еді. Бұл туралы сол кездегі Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов айтқан. Ол Жоғарғы соттың кеңейтілген отырысыда еліміздің 51 сотындағы «Отбасылық сот» жобасына 107 судья жұмылдырылғанын айтқан болатын.